"Қызыл кітапқа" енген арқар Маңғыстауға оралды

Сурет: видеодан скриншот
Үстірт арқары Үстірттің солтүстік шыңына қайта оралды. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ASBK) сайтында Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жануардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауымдастық хабарламасында Үстірт арқары (уриал) Қазақстанның оңтүстік-батысында және Түркіменстан мен Өзбекстанның іргелес аймақтарында мекендейтін эндемик тау арқарының кіші түрі екені айтылған.

Қазақстанда арқардың негізгі мекендейтін жері - Үстірттің батыс шыңы. Кейінгі 30 жылда Маңғыстау облысынан тыс жерде бұл сирек тұяқты жануар байқалмады. Бірақ қазір бұл түр Қазақстанда да мекендейтін болған сияқты. Тау арқары солтүстік пен шығыстағы Үстірт жартастарына қоныстанып жүр, - деп жазды Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы.

Сонымен қатар 2018 жылдан бастап Желтау және Доңызтау шұңқырларында (Атырау және Ақтөбе облыстарының аумағы) камера қақпандары жануарларды тіркей бастағаны айтылды.

Мұнда тоқтылар мен буаз аналықтар әлі байқалмады, яғни бұл жерде арқарлар тұрақты өмір сүрмейді деген сөз. Дегенмен болашақта олар бұл жерлерге көбею үшін де қоныстана бастауы мүмкін.

Жақында Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының камерасына түсіп қалған сирек кездесетін жануарлардың тағы бірі – дала сілеусіні.

Ақтау
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі