ХҚКО-ға аяқ-асты барып, кезектің куәсі болған министр: Мәселені сол жерде шешуге тура келді

Қасындағы адамдарымен Қарағандыдағы ескі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына аяқ-асты сау ете түскен министр Бағдат Мусин ұзын-сонар кезектің куәсі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағандыға сапары кезіндегі бұл оқиғаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды.

Елордадан біздің келетінімізді біліп дайындап қойған жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралағаннан кейін, өзімнің әдеттегідей тәжірибем бойынша ешкімге ескертусіз Мұқанов көшесінде орналасқан Қарағандының ескі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына соқтым. Мұнда барған кезімде мен практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырған адамдардың ұзын-сонар кезегіне куәсі болдым. Электрондық кезек жүйесі жұмыс істемейді, күтушілер үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған, әрине осындай жағдайлар адамдардың шағым білдіруіне әкелетіні жасырын емес. Бағдат Мусин

Оның айтуынша, мәселені сол жерде шешуге тура келді, біріншіден, жедел түрде электрондық кезекті енгізу, екіншіден, адамдар күні бойы күтіп тұрмауы үшін, бірақ алдын ала жазылып, белгіленген сағатта келуі үшін онлайн-жазылуды ұйымдастыруға тура келген.

Жалпы, мамандандырылған ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек мәселесін басты назарға алдық, мұндағы автодромдардың енді сенбі күндері де жұмыс істеуі мәселесін қарастырамыз.ХҚКО мен автодром арасында шешілуі тиіс тағы бірнеше интеграциялық мәселелерді анықтадым. Осындай орталықтарға жоспарламай баруды бұрыннан іске асырып келем. Бұл нақты проблемаларды көруге және нәтижесінде цифрландыру процестерін жетілдіру бойынша тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдат Мусин
Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: