ШҚО-да жылқыны соққан жүргізуші көз жұмды

Сурет: polisia.kz
11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында Өскемен-Алматы тас жолының 18 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, 42 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соғып кетті.

ЖКО салдарынан жүргізуші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы 68 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды