Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Си Цзиньпиннің сапарының ерекшелігі неде екенін айтты

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстанға сапарының ерекшелігі неде деген сұраққа түсініктеме берді. деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сапарының ерекшелігі – оның әлемде коронавирус індетінен кейін бірінші болып Қазақстанға баруы. Бұл Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Сапар жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз. Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Спикер сапар аясында Қытай Халық Республикасы көшбасшысының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланғанын атап өтті.

14 қыркүйекте Қытай басшысы Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы