Нұр-Сұлтанда қашан жылу беріледі

Астаналық Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары әкімдікте өткен брифингте Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдат Байсадықов елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын жаңа жылу маусымына дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандарын дайындау соңғы кезеңде. Олар бойынша жұмыстарды 23 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Тұрғын үй қорына келсек, әзірлік 85% – 2999 үйдің 2557-сі дайын. Әкімдік МӘС және сервистік компаниялармен бірлесе отырып, осы үйлерді дайындау бойынша белсенді жұмыс 3степ жатыр.Бағдат Байсадықов

Жалпы оның айтуынша, жылу берудің белгіленген мерзімі жоқ: елордада жылу сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы +10 градус және одан төмен болған кезде беріледі. Тиісті шешімді қала әкімдігі қабылдайды.

Сонымен қатар ол кейінгі екі жылда Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қыркүйек айының соңында басталғанын айтты.

Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған спикер қалада 14 сауда орны барын, онда сегіз сатушы компания өз қызметін жүзеге асыратынын айтты.

Бүгінде тұрғындар үшін 20,8 мың тоннадан астам көмір қоры бар. Күннің күрт суытуы кезінде халықты дүрліктірмеу үшін тұрғындардан көмірді бүгіннен бастап сатып алуды сұраймыз.Бағдат Байсадықов
Нұр-Сұлтан Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: