ИИДМ ресейліктердің келуі жағдайында көлік инфрақұрылымы қалай жұмыс істеп жатқанын айтты

Министрліктің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан шекаралық өткізу бекеттеріндегі адамдардың нөпірі мен көліктердің ұзын-сонар кезегі ел азаматтарын алаңдатып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжігіт Омарханның айтуынша, 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Пойыздар мен ұшақтар және автобустар қалыпты деңгейде жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде. Тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту мақсатындағы тапсырманы орындау шеңберінде отандық әуе паркі тағы бір «Boeing-737» ұшағымен толыққаны туралы да хабарлады. Бұл SCAT авиакомпаниясының соңғы бір жарым айда алған төртінші «Boeing» әуе кемесі. Сыйымдылығы 189 орындықты құрайтын әуе кемесі авиакомпания паркіндегі ұшақтар санын 30-ға дейін арттырды. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның азаматтық авиация флоты тағы да 10 әуе бортымен толығады деп жоспарланып отыр. Жанжігіт Омархан

Республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде. Қозғалыс жиілігі өткен аптадағыдай деңгейде, деп нақтылайды ол.

Бұған дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған. Қазақстанның шекара қызметі ресейлік әріптестерімен өзара іс-қимыл шараларын ұйымдастырды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: