"Қазгдромет" РМК жарриялаған болжамға сүйенсек, еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, сол себепті жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр жауса, солтүстікте жаңбыр соңы қарға ұласады.
Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. "Қазгдромет" РМК
Болжам бойынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік- батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде және күндіз 9-11 градус жылы болады, біртіндеп төмендейді.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы болады.