Қазақстанда жалға берілетін пәтерлерге сұраныс артты

Сурет: freepik
Жалға берілетін тұрғын үй нарығында тағы да дүрлігіс. OLX.kz онлайн-жарнама сервисінің сарапшылары 28 қыркүйекте өңірлердегі жалға берілетін тұрғын үйге сұраныс пен ұсыныс нарығына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің солтүстік өңірінің барлығында, сондай-ақ Астана мен Алматыда "пәтер" кілт сөзі бойынша іздеулер саны күрт өсті.

Жалға беру туралы хабарландырулардың саны бірнеше қалада ғана өсті: Орал мен Қостанайда – 40%, Петропавлда және Ақтөбеде – 30%. Астана, Алматы, Өскемен және Павлодарда айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Жарнама сервисінің мәліметінше, жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 21 қыркүйектен кейін Павлодарда – 43%-ға, Астанада – 24%-ға және Оралда – 18%-ға өсті.

Пәтер сатылымы

21 қыркүйектен кейін бастапқы баспананың құны кейбір өңірлерде ғана өссе, басқаларында, керісінше, тіпті төмендеді. Тек Астана мен Петропавлда ғана қайталама баспананың құны сәл қымбаттады.

21 қыркүйектен кейін бастапқы нарықта шаршы метрдің орташа бағасы Алматыда 330 мың теңге, Астанада 370 мың теңге болды.

Қазақстан
Алматы
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді