Бас прокуратура өкілі Кәрім Мәсімовтің ісі туралы айтты

Сурет: gov.kz
Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бас прокуратура өкілі бұл істі ҰҚК тергеп жатқанын айтты.

Оған құпиялылық белгісі қойылды, яғни материалдар таратылмайды. Ол істерге қол жеткізе алатын бірнеше прокурор бар, – деді ол.

Бас прокурордың орынбасары бұл іске қатысты күдіктілердің барлығы қамауда екенін атап өтті.

Ешкім ешқайда кетпеді, жасырынбады. Іс аяқталды, іс материалдарымен танысу басталды. Іспен танысу үшін біз ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз. Әсет Шындалиев

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталды.

25 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге, Марат Осиповқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағаны белгілі болды.

Мәсімов Кәрім

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды