Тазалау және жуу құралдары бір жыл ішінде 27 пайыздай қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тазалау және жуу құралдары бір жыл ішінде 26,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР бойынша кір сабынның орташа бағасы тамыз айында 307 тг (200гр) құрады. Өңірлер арасында ең жоғары баға Астанада – 577 теңге, ең арзан баға Атырауда – 172 теңге.

Тіс пастасының орташа бағасы 854 тг (75 мл), өзге өңірлерге қарағанда ең қымбат баға Алматыда – 1117 тг, арзынарық баға Оралда – 669 тг.

Сусабынның бөлшек саудадағы орташа бағасы 200 мл үшін тамыз айында 903 тг мөлшерінде болды. Мұнда ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді – 1062 тг, ең төменгісі Петропавлда – 741 тг.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 15 880 тонна жуу және тазалау құралы өндірілді, оның ішінде 8 847 тонна – сабын және сабын ретінде пайдалануға арналған органикалық заттар мен препараттар, 358 тонна – сусабын, 1 тонна – тіс пастасы және т. б.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды