Хайролла Ғабжалилов кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

Сурет: zakon.kz
Хайролла Ғабжалилов "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК мәліметінше, ол "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтінішін, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат ұсынды.

Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырды.

Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты