Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанның Беларусьпен арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударылды.

Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті.

АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс, – деді Беларусь Президенті.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды