Азаматтық авиация комитеті Мәскеу – Астана рейсі неліктен тоқтатылғанын түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Азаматтық авиация комитеті (ААК) 16 қазанда "Азимут" әуе компаниясының тоқтатылған рейстеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе компаниясы тұрақты рейстер кестесін бекіту үшін құжаттар тізімін ұсынбаған.

ААК атап өткендей, шетелдік авиатасымалдаушы тұрақты ұшулар кестесін бекіту үшін құжаттар тізбесін ұшулар басталғанға дейін 45 күнтізбелік күн бұрын ұсынуы тиіс. Бұл ретте әуебағыты кестесіне өзгерістер енгізу кезінде әуе компаниясы ұшуға дейін 3 күн бұрын кестені комитетке ұсынады.

16 қазанда "Азимут" әуе компаниясының Мәскеу – Астана рейсі тоқтатылды. Қазақстан рейсті орындауға рұқсат бермеген.

ААК мәліметінше, құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін ғана комитет рұқсатын береді.

Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес, "Азимут" әуе компаниясы Мәскеу – Астана бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тұрақты жолаушылар тасымалдауды іске асырып келеді.

Ресей
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды