"Коконың құпиясы" мультфильміндегі әженің прототипі 109 жасқа келіп, қайтыс болды

Сурет: видеодан скриншот
Мария Салуд Рамирес Кабальеро 109 жасында Мексикада қайтыс болды. Ғасыр жасқа келген әжей Walt Disney Pictures түсірген "Коконың құпиясы" мультфильміндегі баланың әжесі Коконың прототипі еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мария Салуд Рамирес Кабалеро Мексиканың Мичоакан штатында тұрған.

Excelsior басылымының хабарлауынша, жергілікті Туризм министрі оның қайтыс болғанын хабарлады. Өлімнің себебі жарияланған жоқ.

Көпметражды "Коконың құпиясы" мультфильмі 2017 жылы жарық көрді. Картинаның премьерасынан кейін Мария Салуд Рамирес Кабалеро тұрған үй танымал болды. Оған жанкүйерлер мен туристер жиі барып тұратын.

Мультфильмде отбасылық мейрам - Мексиканың қайтыс болғандар күні көрсетіледі. Картина көптеген марапаттарға, соның ішінде Оскарға ие болды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады