"Бөтенғаламшарлықтар келді". Қызылжар тұрғындары түнде зор дауыстан шошып оянды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавл тұрғындары құлақ тұндыратын қатты дыбыстан шошып оянды. Бұрын-соңды мұндайды естімегендер қалаға бөтен ғаламшарлықтар ұшып келді деп ойлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түн ортасында жұрттың ұйықысын бұзған гуіл жылу электр орталығынан шыққан. Түсініксіз дыбыстан үрейленгендер, тіпті терезесін жауып алған. Ал шуды жазып алғандар әлеуметтік желіде өз болжамымен бөлісті. Бірі "қалаға әскери ұшақ келіп қонды" десе, енді бірі "ауыр зат құлады" деп болжады. Сөйтсе жылу-электр орталығында ауа шығару жұмысы жүргізіліпті. Яғни төрт қазандықтың құрылғысы тазартылған. Энергетиктер бұл жоспарлы жұмыс екенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Атмосфераға бу қысыммен шығарылады. Қазандықтан  сағатына шамамен 200 тонна бу шамамен 50-60 килограмм қысыммен шығарылды. Өте үлкен күш. Әрине, мұндайдан кейін дыбыс шығады. Жалпы алдағы уақытта тағы да осындай жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстың атқарылатын күні мен уақыты туралы қала тұрғындарына әлеуметтік желілерде қосымша хабарлаймыз.Петропавл жылу-электр орталығының директоры Дмитрий Захаров
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды