БҚО-да жасөспірімнің мылтықтан жаралануының мән-жайы белгілі болды

Сурет: pixabay
Жігіт досымен бірге аулада көлік жуып жүріп, кабинадан қару тапқан. Оқиға салдарынан жәбірленушінің ішіне оқ тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Бөкейорда ауданы, Ханордасы ауылында болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Полицияның мәліметінше, марқұмның досы тапаншаны басып жіберген. Жігіттер аулада көлікті жуып, кабинадан қару тауып алған. Ыңғайсыз қимыл жасап, досының ішіне оқ тиіп кеткен.

Бала санитарлық авиациямен Оралға жеткізілді.

Жасөспірім іштің алдыңғы қабырғасының тұсынан оқ жарақатын алған. Ішкі мүшелердің зақымдануы жоқ. Қазір оның жағдайы орташа ауыр, балаға қажетті ем жасалуда. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Болат Әлібаев

Түркияда жасалған 12 калибрлі шолақ мылтық атқан жасөспірімнің ағасына тіркелген.

Іс жүзінде екі іс қозғалды – қылмыстық және әкімшілік, деп хабарлады полиция. Қару иесін 30 000 теңге айыппұл күтіп тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді