Түркістанда жоғалған 8 жасар бала табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан полицейлері жоғалған 8 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Түркістан қалалық Полиция басқармасына түскі сағат 14:30 шамасында қала тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Әйелдің айтуынша, таңғы уақытта мектепке кеткен Рамазан есімді 8 жастағы ұлы үйіне қайта оралмаған.

Түркістан ҚПБ ювеналдық полиция тобының қызметкері Медет Тұрсынбек хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажет деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, бес сағат ішінде бала екі шақырым жердегі балалар ойнайтын алаңнан табылды. Осылайша жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде тапсырылды.

Тәртіп сақшысының анықтауынша, ойын баласы мектептен шығып, достарымен ойнап жүріп, үйден екі көше ары қарай кетіп қалған. Өз кезегінде баланың анасы полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді.

Мен мектепке кеткен баламды жоғалтып алдым. Содан соң полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде баламды тауып берді. Полицейлерге алғысым шексіз, – деп тұрғын жүрекжарды сөзін айтты.
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған