Жаңбырдан кейін Ақтауды су басты

Сурет: видеодан скриншот
Синоптиктер 28 қазанда түннен таңға дейін Ақтауда қатты жаңбыр жауады деп болжады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.00-дегі жағдай бойынша Ақтау көшелерінен 728 текше метр су сорылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, синоптиктер Ақтауда таңертең жауын-шашын болатынын хабарлағандықтан коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшкен.

Сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін жауын-шашынның көбеюіне байланысты "Қала жолдары" ЖШС-нің қызметкерлері тәуліктік кезекшілікте жолдарда жиналған суды сору жұмысын жүргізіп жатыр. Сағат 11:00-де 728 текше метр су сорылды.Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмысқа 60 жол қызметкері, сегіз мотопомпа, бір қазандық (вакуумдық жүк көлігі), сегіз «Газель» автокөлігі, сонымен қатар ТЖД-нің сегіз қызметкері, екі өрт сөндіру машинасы мен екі мотопомпа жұмылды.

26 қазан күні Түркістан облысында түнгі сағат 01:00-ден 07:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығынан 2020 жылы туылған бала қайтыс болды. Ол ересектердің қарауынсыз қалып, жаңбыр суы бар шұңқырға құлап, суға батып кеткен. Сонымен қатар жеке тұрғын үйді, 21 ауланы су басқаны хабарланды. Бұл ретте Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш өңірлерінде 13 бас ұсақ мал өлген.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады