30 қазанда еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болатыны болжанады

Сурет: unsplash
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 30 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ болады, қатты жел тұрады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамымен де бөлісті.

Астанада құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады, күндіз - аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, ал күндіз 2-4 градус жылы болады деп күтіледі.

Алматыда күннің екінші бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Шымкентте құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Синоптиктер алдында демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ, тұман болатындығы туралы болжамын жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды