Атап айтқанда, көшелерді асфальттау және екі балалар алаңын салу жобасы әзірленуде.
Облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша қолда бар мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында 54 тұрғын алабы бар. Олардың 30-ында инженерлік желілер проблемасы бар. Олардың барлығы да соңғы жылдары пайда болған жаңа тұрғын үй алаптары. Алдағы екі-үш жылда қаланың барлық елді мекендерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ол үшін бізге өзара түсіністік пен сенім қажет. Әр тұрғын қаламыздың өміріне ортақ жауапкершілікті сезінуі керек. Көтерілетін сұрақтар бар, өйткені шешілмеген мәселелер жеткілікті. Бүгін сұрақ қойып, мәселе көтергендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Әрбір сұрақ менің жеке бақылауымда болады. Еш нәрсе назардан тыс қалмайды. Келесі кездесуде біз бүгін көтерілген барлық сұрақтарды тағы талқылап саралайтын боламыз, - деп атап өтті қала әкімі Асхат Шахаров.
Екі тұрғын алаптың халқымен өткен кездесу барысында өткен кездесуде түскен 16 проблемалық сұрақ өз шешімін тапты. Ауыл шаруашылығы колледжінің сыртындағы иесіз гараждарды бұзуға құжаттар дайындалуда, Нокин тұрғын алабының Кеменгер көшесіндегі үйлерге Жеке тұрғын үй мәртебесін беру үшін жер бөліміне хат жолданды, Октябрьский көшесін жарықтандыру бойынша мәселе жұмыс жоспарына енгізілді, 9 км автожолды жөндеу бойынша жоба әзірленуде.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кеңес Нокин тұрғын алабында мемлекеттік балабақша ашуды сұрады. №24 мектепке дейінгі мекеме - бұл мемлекеттік мекеме. Қуаттылығы 120 орындық болса, толымдылығы 115. Яғни, орындар бар. Мұнда тек 75 орындық жеке балабақша салынады. Ол 2023 жылы ашылады. Мешіт маңындағы аялдаманы ауыстыру және автобус бағытын өзгерту туралы мәселе айтылды. Біз бұл мәселені тасымалдаушымен кеңесіп шешуге тырысамыз. Сондай-ақ, мектептен кәріз жүйесін тарту мәселесі көтерілді. Бұл мүмкін емес, өйткені жүйе тек мектепке қызмет көрсетуге арналған. Жазда Мәдениет үйінің алаңында сахна орнатып, саябақты абаттандырамыз. Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов
Сондай-ақ, тұрғындар Благодар орта мектебін жөндеуді тездетуді сұрады.
Біз екінші тоқсаннан бастап балалар өз мектебінде оқиды деп жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстары білім бөлімі басшысының жеке бақылауында. Жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтау үшін мердігерлермен күніне бірнеше рет хабарласып, қадағалап отырмыз, - деп жауап берді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлназ Мырзағалиева.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаумен аяқталды. Кеңес Нокин және Украинка массивтерінің тұрғындары қала әкімі Асхат Шахаровқа және қалалық бөлімдердің басшыларына жеке сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.