СҚО-да ұйытқыған боранға байланысты Астана бағытындағы жол жабылды

Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 5 қарашада сағат 22:00-ден бастап Астана – Петропавл тас жолының А-1 учаскесі жабылып, мұнда көліктер қозғалысы шектелгенін еске саламыз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған өңірде боран соғып, қар ұшқындап, айналаның көріну деңгейі шектелген.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ филиалы атап өткендей, Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол учаскесі жабылды.

Жолдағы жағдай бақылауға алынған. 20-ға жуық арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды. "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ филиалы

Айта кетсек, 5 қарашада Петропавлда қалың қар жауғаны хабарланған. 23 техника жолдарды тазалауға аттанды, тағы 19-ы тротуарлардағы қарды күреуде. Үш арнайы көлік жолдарға көктайғаққа қарсы материал төкті.

Петропавл
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты