8 қарашада өткен саудада доллар сәл арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 464,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,61 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,86 теңге (-0,37) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 463,7 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465,5-469 теңге, еуро 463-468 теңге, ресей рублі 7,1-7,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 8 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,32%-ға төмендеп, барреліне 97,61 доллар болды.

Желтоқсан WTI фьючерстері 0,34%-ға төмендеп, барреліне 91,48 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды