ҰҚК облыстық ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
18 қазанда Қызылорда және Арал қалаларында ҰҚК «А» қызметінің тартылуымен және прокуратураның көмегімен арнайы операция жүргізілді. Ведомствоның баспасөз қызметінде атап өтілгендей, жалпы комитет облыстық ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады.

Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап тұрған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар, деп жазады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады.

Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды