Биыл елде 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды

Сурет: Астана қаласының ПД
Құқық қорғау органдары 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысын тоқтатты. Оған мүше болған 32 азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығының айтуынша, барлығы 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Ішінде 33 келі героин, 68 келі апиын, 507 келі синтетикалық заттар, 705 келі гашиш пен 4 тонна марихуана болды, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.

Мамандар заңмен тыйым салынған заттарды әзірлейтін 55 зертхананы анықтаған. Сонымен қатар естірткі заттарын саудаға шығаратын интернет платформалармен де күрес жүргізіліп жатыр.

Есірткі саудасы көбінесе интернет арқылы және электрондық төлемдер арқылы жүзеге асырылады. Бұрынғы уақытпен салыстыруға келмейді. Бұрын қолма-қол сатылса, қазір телеграм арқылы сатылады. Жыл басынан бастап есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды. 1 жарымнан астам шектеу жасалды телеграм-мессенджеріне. Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі