Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру тоқтатылды

Сурет: polisia.kz
Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы “Еділбай” учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 “алтын іздеуші” ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.

Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша “іздеушілер бригадасын” жинаған, заңсыз цехтардың иесі болып табылатын жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі