Шығыс Қазақстан облысында жолда тұрып қалған жүргізушіні қар құрсауынан құтқарды

Сурет: ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар қар құрсауында қалған жүргізушіге көмекке келді. Ер адам дауылды ескертуге мән бермей жолға шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 қарашада кешкі уақытта ер адам Өскеменнен Қызыл су ауылы бағытында УАЗ көлігін айдап кеткен.

Жүргізуші межелі жерге жете алмаған соң, достары құтқарушыларға жүгінуді ұйғарыпты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өтуге қабілетті «Трекол» көлігімен шығып, Ұлан ауданы, Қойтас ауылы мен Саратовка ауылы арасында жоғалған азаматты тапты.

Құтқарушылар көлікті қазып алып, жүргізушіні тас жолға шығарып салды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.

ТЖД ауа райының қолайсыз болжамы жағдайында сапарды кейінге қалдыруды қатаң түрде ескертеді.

Бұған дейін 14 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды