Электронды құжатпен дауыс беруге болады

Енді сайлаушылар дауыс берерде құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таразда өңірдегі сайлау учаскелік комиссияларының төрағалары үшін арнайы семинар ұйымдастырылды.

Яғни, сандық құжаттар түпнұсқаның аналогы десек, сайлау учаскесіне келген әр азамат электрондық үкімет қосымшасы немесе отандық банктердің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалана алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып кетсеңіз, электронды түрін көрсете отырып, дауыс бере аласыз.

Сонымен қатар егер сайлаушының тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болмаса, дауыс беру үшін сайлау учаскесіне тіркелуіне болады.

Бұл процесс «eGov» қосымшасы арқылы тексеріледі. 20 қараша күні Жамбыл облысында 493 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

10 күн бойы бүкіл Жамбыл облысындағы барлық ауданды аралап, учаскелік комиссиялармен семинар өткіздік. Бұл соның жалғасы қазір болып жатқан. Бұл жерде ең бастысы сайлау болатын күнгі бір күндік жұмыс жоспары. Таңғы 6:00-ден кешкі 20:00-дегі аралықтағы атқаратын жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Талғат Жамалов, Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: