Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттауда

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2026 11:49 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу ақысы айтарлықтай өскен. Бір жыл ішінде университеттердегі оқу құны 11%-ға артқан, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, соңғы үш жылдағы оқу ақысының қымбаттауына негізгі себеп – инфляциялық үдерістер. 2024, 2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші тоқсанында университеттердегі оқу ақысы ақылы қызметтердің жалпы бағасымен шамалас немесе одан сәл төмен деңгейде болған, деп атап өтті Finprom.kz сарапшылары.

Ең жоғары қымбаттау Атырау облысында тіркелген – 36,3%. Сондай-ақ Түркістан облысында (19,6%), Маңғыстау облысында (15,4%), Шымкент қаласында (15,2%) және Астанада (15%) айтарлықтай өсім байқалған.

Ал ең төмен өсім Қостанай облысында (1,8%), Ақтөбе облысында (5%) және Ұлытау облысында (5,9%) тіркелген. Студенттер көп шоғырланған мегаполис Алматыда оқу ақысы 9,4%-ға қымбаттаған. Ал Алматы облысында баға өзгеріссіз қалған.

Талдау көрсеткендей, 2025–2026 оқу жылының басында Астана мен Алматыдағы университеттерде оқу құны аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болған. Мысалы, Алматыдағы жоғары оқу орындарында жылдық оқу ақысы 500 мыңнан 7,6 миллион теңгеге дейін жетеді. Мұндай үлкен айырмашылық университеттің беделіне, мамандықтың сұранысына және басқа да факторларға байланысты.

Ал Астана мен Алматыдан қашық орналасқан өңірлерде оқу ақысы жылына кемінде 450 мың теңгеден басталып, 2,4 миллион теңгеге дейін жетеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың күзінде ақылы негізде университеттерге 131 мың студент қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға көп.

Бұған дейін АҚШ-та қазақстандық оқушылар робототехника бойынша бақ сынайтындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: