Семейде президенттік сайлауда дауыс беру қалай өтіп жатыр

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі барлық сайлау учаскелерінде Президентті сайлау басталды. Шәкәрім атындағы университеттегі №1137 сайлау учаскесінде де дауыс беру жүріп жатыр.

Сайлау учаскесінің төрағасы Серік Түсіпов биыл бірінші рет дауыс бергендерге сыйлықтар берілетінін атап өтті.

"Сайлау учаскесі университет базасында орналасқандықтан, сайлаушыларға Абай мен Шәкәрімнің кітаптарын сыйлауды жөн көрдік. Дәл осындай сыйлықты сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген әже де алды". Серік Түсіпов

Семейлік Светлана Пономарева болашақ президентті таңдауға келді. Ол цемент зауытында краншы болып жұмыс істейді. Ерен еңбегі үшін "Құрмет» орденімен марапатталған.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

"Отбасының барлық мүшелерін мерекемен, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күнімен құттықтағым келеді. Мен халықты сайлау құқығын пайдалануға шақырғым келеді. Сайлау – әрбір азаматтың жеке ісі, оны іске асыруға құқығы бар", – дейді Светлана.
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады