«Қазақстан аруы-2000» Мәскеуде өлі табылды

Сурет: видеодан скриншот
2000 жылғы Қазақстан аруы атанған Наталья Семаго Мәскеуде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram 112 арнасының хабарлауынша, 28 қарашада ұлы Натальяны пәтерде ес-түссіз жатқан күйде тапқан. Бала көршілерін көмекке шақырса, олар жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйелді құтқару мүмкін болмады, ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Басылымның мәліметінше, зорлық-зомбылықпен болған өлімнің көзге көрінетін белгілері жоқ. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Наталья Семаго 1984 жылы 3 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келген, музыка-математика мектебін, сондай-ақ ВГИК (Мирзоев пен Соловьев шеберханасы) бітірген.

2000 жылы «Қазақстан аруы» атағын жеңіп алды. Наталья Семаго «Луна» театрында жұмыс істеді, сонымен қатар «Алданған әйелдер лигасы» комедиясында басты рөлді сомдады.

Актриса 37 жаста еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды