Ягуарлар күнінің басты мақсаты – Оңтүстік және Солтүстік Американы мекендейтін, пантера тұқымдас осы жыртқыш жануарды жойылып кету қаупінен сақтау және оны қорғауға назар аудару.
"Ягуарлар халықаралық "Қызыл кітапқа" енген, көптеген елдерде қорғауға алынған. Үндістер тілінен алғанда "ягуар" сөзі "бір секіргеннен өлтіреді" деген мағына береді. Бұл оның жемтігіне шабуыл жасау қимылына дәл келеді", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.
Алматы зообағында 6 ягуар бар: Васек пен Момын жұбы, оның балалары және ұрғашы ягуар Диана.
Диана - бала кезінен мүгедек. Әкесі Диананың табанын жарақаттап алған. Ветеринарлар бірнеше күрделі ота жасап, Диананың өмірін сақтап қалды. Қазір ол өмірге деген сүйіспеншілігі мол әрі көңілді және мейірімді үлкен мысыққа айналды. Ягуарларды зообақтағы Жыртқыштар үйіне келіп көруге болады.Алматы зообағы