Оралда учаскелік полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Оралда учаскелік инспектор асылып өлуге әрекеттенген ер адамды құтқарып қалды. Полицей оны дер кезінде жіптен шешіп алып, жедел жәрдем келгенше есін жиғызып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай 4 желтоқсан күні болған. Сағат 20:52-де Орал қаласы ПБ Абай кезекші бөліміне бір әйел хабарласып, ағасы өзіне қол жұмсамақ болған бейне жазба жібергенін айтып, оған дереу көмек керек екенін хабарлаған. Хабарлама түскен бойда көрсетілген мекенжай бойынша №1 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторы Елжас Серікқалиев барды.

"Оқиға орнына келіп жеткен ол үйдің іші-сыртын түгел тексеріп, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Десе де, үйде болған жанның алысқа кете қоймағанын, үстел үстіндегі ішімдіктерден, теледидардың қосулы тұрғанынан аңғарады. Қайта сыртқа шыққанда, шамы жанып тұрған бөлмені аңғарады. Бөлмеде ер адам асылып тұрған. Дереу батылдық танытып, суицидке барған адамды аяғынан ұстап, жоғары көтеріп алып, жіптен шешіп, алғашқы көмек көрсете бастайды. Тез арада жедел жәрдем шақырып, өлім аузынына аман алып қалады" – жазды ІІМ сайты.

Полицейдің сөзінше, ер адам асылып өлуге екі рет әрекеттенген.

Ол асылмаққа екі рет қадам жасаған, біріншісінде жібі үзіліп кетіп, екіншісінде мен келіп үлгердім. Ол есінен танып қалды. Бетінен ұрғылап, қолымнан келген көмегімді көрсеттім. Бірнеше секундтан кейін әлгі ер адам терең дем алды, – дейді полиция инспекторы Елжас Серікқалиев.

Тексеру кезінде ер адамның отбасылық жағдайларға байланысты ішімдікке мас күйінде суицидке барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты, дәрігерлердің айтуынша өміріне еш қауіп жоқ.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды