Биыл Қазақстанға келген туристер саны 3,6 есеге өсті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 9 айында 5,5 миллион қазақстандық шетелде демалып, 3,4 миллион адам басқа елдерден Қазақстанға келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былтырғы 9 аймен салыстырғанда шетелге демалуға барғандар саны 2,2 есеге, Қазақстанға демалуға келгендер 3,6 есеге өскен.

Бұл ретте ішкі туристік бағыттарды таңдаушылар саны 25,1% артып, биыл қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті табиғатты 4,8 млн адам тамашалауға келді.

Елімізге келушілер 3965 демалыс орнына орналасқан. Онда 84 416 бөлме бар. Демалыс орындарында 5,4 миллион адам демалып, оларға 129 183,2 миллион теңгеге қызмет көрсетілген.

Статистика мәліметтеріне сай, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) өткен жылмен салыстырғанда 54,5% өсті.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы биыл 9 айда курорт аймақтарға 2,4 миллион отандық және 317,2 мың келушілер келгенін айтты.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін