Екібастұздағы төтенше жағдай: тергеуге Антикор өкілдері де қатысады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Екібастұз қаласының жылу желілеріндегі апаттың себептерін тексеруге қатысады. Бұл жөнінде ведомствоның превенция қызметінің жетекшісі Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Екібастұздың жылу желілеріндегі ауқымды фактісі бойынша Павлодар облысының прокуратурасымен ірі көлемдегі қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. 

"Одан әрі тергеу уәкілетті орган – полицияға тапсырылды. Тергеу жүргізетін жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеу бөлімшесінің өкілдері бар. Тергеу форматында барлық фактілер қарастырылады". Саян Ахметжанов

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екібастұздағы жағдайға қатысты жеке тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: