Ұлттық банктің баспасөз қызметі нарық қатысушыларымен ынтымақтастықта нақты тұтынушылармен және сауда-қызметтік кәсіпорындармен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті өткенін мәлімдеді. Бағдарламалану мүмкіндігін және офлайн транзакциялар тізбегін көрсетуді қоса алғанда цифрлық теңгенің бүкіл өмірлік циклі сыналды.
"Экономикалық модельдеу нәтижесі бойынша ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және жалпы экономика үшін тәуекелдердің жоқтығы туралы қорытындылар жасалды. Өкілдік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 60%-ы цифрлық теңгені пайдалануға дайын екенін жеткізді".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ Ұлттық банк Digital Tenge Hub бірлескен алаңы іске қосылды, оның негізінде барлық мүдделі тараппен бірқатар талқылау мен дизайн-сессиясы өткізілгенін хабарлады. Digital Tenge Ideathon өткізілді.
Цифрлық теңгені енгізудің реттеуші аспектілеріне талдау жүргізілді, экожүйені дамыту бойынша тәсілдер әзірленді.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Ұлттық банкі