Синоптиктер 21 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 21 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Жерорта теңізі циклонының терең депрессиясымен және атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, қарлы боран түрінде.

Сондай-ақ жел мен тұман күтіледі.

Астанада - көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда – көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +2...+4°С.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1...+1°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды