Алматыдан бастайық. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жылдың соңғы түнінде қалада қатты аяз болмайды деп болжанды.
"Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз 0°C шамасында"."Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы, Метеорологиялық болжамдар департаменті
1 қаңтарда алдын ала болжам бойынша Алматыда күн бұлтты болады, жауын-шашын айтарлықтай болмайды. Солтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0°C шамасында.
Синоптиктердің болжамынша, Жаңа жыл түні Астанада да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын айтарлықтай жаумайды.
Елордада 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда оңтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -13...-15°C.
Шымкентте 31 желтоқсанда орта мерзімді ауа райы болжамы бойынша көшпелі бұлт шығады. Күндіз жауын-шашын негізінен қар түрінде болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.
1 қаңтарда да бұлтты болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
"Оңтүстік-батыстан екпіні 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +2...+4°С"."Қазгидромет" РМК
Бұл ретте мамандар ауа райының ұзақ мерзімді болжамы соншалықты дәл емес екенін айтты. Жаңа жыл қарсаңында 28-29 желтоқсанда синоптиктер ауа райы картасына сүйене отырып, ауа райы туралы нақтырақ ақпарат береді.