Қазақстанның 7 өңірінде қолайсыз ауа райына, метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның 7 өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға және ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында да кей уақытта тұман басады.

Шымкентте кей уақытта тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында да тұман.

ҚМЖ Өскемен бойынша 26 желтоқсан күні 21:00-ден бастап 27 желтоқсан күнгі сағат 21:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жариялады.

Дәл осындай ескерту Семей және Риддер бойынша да жарияланды.

Ал Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс