Шымкентте бопсалаумен айналысқан қаруланған ер адам құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына қала аумағында бопсалаумен айналысатын қарулы күдікті бар екені туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Полицейлер аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты жеке мәліметтерді жинақтап, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Оның бұған дейін ҚР ҚК-нің 125-бабы (Адам ұрлау),126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру), 293-бабы (Бұзақылық), 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотты болғаны анықталды.

Нәтижесінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы “Қару” операциясын өткізіп, күдіктіні уақытша тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді.

Ер адамнан Макаров тапаншасы, 3 оқ және жиналмалы пышақ тәркіленді.

Аталған жайт Әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің атыс қаруын қолдану арқылы басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығы тексеріледі. Бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды