Павлодарда шұңқырға құлаған көлік үшін монополист айыппұл төлейді

Сурет: Zakon.kz
Әкімшілік жауапкершілік туралы қаулыны облыс орталығының полиция басқармасы шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz  таратқан ақпаратқа сай, «Павлодар-Водоканал» ЖШС кәріз коллекторындағы апатқа байланысты Парковая көшесіндегі жол учаскесін жауып тастады. Сол күні кешкі сағат алты шамасында Toyota Avensis кәсіпорын қазған шұңқырға түсіп, көлік зақымдалды.

Павлодар қаласы полиция басқармасының 2022 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен «Павлодар-Водоканал» ЖШС ӘҚБтК-нің 631-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, бұл 91890 теңгені құрайды.

Монополист полицейлермен келіспей, Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына апелляциялық шағым түсірді.

Сотта «Павлодар-Водоканал» өкілі жер жұмыстарын жүргізу кезінде бүкіл периметрі бойынша қоршаулар, шағылыстыратын әсері бар белгілер қойылғанын түсіндірді. Бірақ ол апат кезінде қосымша қоршау болмағанын да айтты.

Зардап шеккен жүргізушінің айтуынша, қоршаудағы шамдар жанбай тұрған. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Toyota Avensis-те 50 жастағы жүргізуші ашық шұңқырға түсіп кетті. ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі