“Мен 4 жыл әкемді іздедім”: Астана полицейлері патрульдеу кезінде жоғалған адамды тапты

Сурет: ҚР ІІМ
Таңертеңгі сағат 08.00 шамасында Патрульдік полиция полкінің полицейлері Талғат Намазбаев пен Әбілқайыр Мырзатаев патрульдеу кезінде Құтпанов көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанынан бір ер адамды байқайды.

Полиция қызметкерлері тоқтап, оны тексеру үшін қасына жақындаған. Ер адамның өзімен бірге құжаттары болмаған. Кейін ол Сарыарқа ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Оның айтуынша, 4 жыл Ақмола облысында тұрып, жұмыс істеген және осы уақыт ішінде туыстарымен байланысын үзген.

Тексеру кезінде 48 жастағы ер адамның Ақсу қаласында тұратын 29 жастағы ұлы бар екені анықталды. Полицейлер оған бейне қоңырау арқылы хабарласып, баласы әкесін бірден таныған. Ұлы мен әкесінің бірнеше жылдан кейін сөйлескен әсерлі сәті бейнеге түсіп қалған.

Баласы әкесін тауып, жаңа жылда отбасына тыныштық пен қуаныш сыйлаған елордалық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сол күні ұлы келіп әкесін алып кетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды