-35°С. 10 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде аяз күшіне мінеді

Сурет: pixabay
10 қаңтарда еліміздің 8 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Түнде Маңғыстау облысында 25 градус аяз болады деп күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігіне, орталығына, таулы аудандарына қалың қар түседі. Облстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда күндіз қалың қар жауады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 35 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде аяз 30 градусқа дейін күшейеді деп болжанады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде қатты аяз болады: - 35С...-36С.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады, боран соғады.  Облыстың солтүстігінде,  таулы аудандарында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте қалың қар түседі, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.


Түнде Қостанай облысының шығысында сынап бағаны 40 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Алматыда таңертең және түстен кейін қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Қонаевта таңертең және түстен кейін қар жауады, тұман, көктайғақ болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты