Қарлы боран мен қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Сурет: pexels
Синоптиктер 13 қаңтарда еліміздің тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Маңғыстау облысының орталығында, оңтүстігінде оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20м/с, ал облыстың батысында 25 м/с болады деп күтіледі. Ақтауда оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с, ал кей тұста 23 м/с-ға жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында боран болады деп болжанады Өңірдің солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 9-14 м/с құрайды. Көкшетауда батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін барады. 

Абай облысының орталығында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с-ға жетеді. Шығыс Қазақстан облысында да жаяу бұрқасын жүреді.  Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

"Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда да жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с". "Қазгидромет" РМК



Павлодар облысы мен Павлодарда қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың көп бөлігінде 30-33 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтіледі. Таразда тұман болады деп болжанады. 12-сінен 13 қаңтарға қараған түні 28-30 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтіледі. 

Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде және Түркістанда 25-27 градусқа дейін сынап бағаны төмендеп, қатты аяз болады деп күтіледі. Шымкентте түнде сынап бағаны 25 градусқа дейін төмендейді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды