Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімін жариялады

Қазақстанның Бас прокуратурасы 2022 жылы шет мемлекеттер іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы 50 өтінішті қанағаттандырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Сол сияқты "РБК Банкі" АҚ-ның 15 млн доллардан астам сомасын ұрлады деген күдікті В.Власовты, қаржы пирамидасын ("Qi TRADE Kazakhstan", "Выгодные займы") құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметованы, Б.Томинді және Е.Шарифуллинді, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға алтыны бар материалды қылмыстық топтың құрамында ұрлағаны үшін А.Тимаковты Ресей ұстап берді".ҚР Бас прокуратурасы

Сондай-ақ:

Бас  прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізуде, оған Бас прокурор басшылық жасайды.

"Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша шаралар кешенін қамтитын заң жобасын әзірленіп жатыр".  Бас прокуратураның баспасөз қызметі


Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: