Жетіқарада иттерді жаппай ату дерегі тексеріліп жатыр

Сурет: pexels
19 қаңтарда Жетіқара полициясы жануарларға қатыгездік көрсету бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған қала аудандарының бірінде иттердің жаппай атылуы себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс қаланың қоғамдық пабликтерінің бірінде жарияланған соң қозғалды. Қоғамдастық хабарламасында айтылғандай, бірнеше иттің өлекселері қала маңындағы елді мекендердің біріне жеткізілген, артынша далаға лақтырып кеткен.

"Жақында біздің қала қатыгездік пен жануарларды қыру бойынша барлық рекордтарды жаңартатын шығар. Бұл иттер қарумен өлтірілген, "Строитель" саяжайларының жанына лақтырып кеткен. Әрине, полицияға арыз жаздық", - деп жазды автор.


Ашынған қала тұрғындары алдымен полиция істі жауып тастағанын атап өтеді. Кейін Қылмыстық кодекстің 316-бабы «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша тергеу басталғаны белгілі болды.

Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заң 2022 жылдың наурыз айында енгізілген. Ережеге сәйкес, жануарларды, оның ішінде үйсіздерді өлтіруге тыйым салынады. Қылмыстық кодексте жануарларға қатыгездік жасағаны үшін ең жоғары жаза ретінде 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті