Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханалары атаусыз қайта ашылды

Сурет: pixabay
Алматыда 23 қаңтарда бұрынғы McDonald's мейрамханалары атаусыз ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтардың 23-і күні бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамхана қайта жұмыс істей бастады.

"Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Әсет Машановтың айтуынша, әзірге мейрамхана маңдайшасына атау ілінбейді, бірақ жақын арада жаңаша аталады.

Компания өкілі фаст-фуд мейрамханаларын ашу кезең-кезеңімен іске асырылатынын, бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылатынын айтты.


Сурет: Zakon.kz

"Жабылған кезде жұмыс істеп жүрген мейрамхананың барлық қызметкері жұмысын, жалақысын және басқа да еңбек жағдайларын толығымен сақтап қалды". "Food Solutions KZ" ЖШС баспасөз қызметі

2023 жылғы 5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты. Екі апта өтпей жатып "Вкусно-и Точка" азық-түлік желісі Қазақстанда тауар таңбасын тіркеуге өтініш бергені белгілі болды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды