Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация басшылары екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға уағдаласты.
Аавиатасымалдардың қолжетімділігі және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" лоукост әуекомпаниясы Абу-Даби және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 3-тен 4-ке дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) арттырды. Ұшулар Airbus A320/A321 типті әуе кемелерінде орындалады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ "Fly Dubai" әуекомпаниясы:
- 26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14-ке дейін;
- 28 қаңтардан бастап Дубай-Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
28 ақпаннан бастап "Fly Dubai" әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) Шымкент-Дубай бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. "Fly Dubai" әуекомпаниясының ұшулары Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан мен БАӘ "ашық аспан" режимін ұзартты.