Ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбылдық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданындағы шаруа қожалығының аумағында тараздық 36 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шаруа қожалығының аумағын тексеру барысында сарайдың бұрышынан өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 3 келі 780 гр кептірілген марихуана және 795 гр гашиш есірткісі екендігі анықталды.


Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі