Алматыда автобус жүргізушісінің тапқырлығы жұртты тәнті етті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 ақпанда әлеуметтік желіде қоғамдық көлікте түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан қыздың жылаған даусын естуге болады, ол автобуста iPhone 13-ін ұрлатып алған. Сол сәттегі жүргізушінің тапқырлығы, қыздың телефонын тауып беріп, көмектескені елді тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде болған. Автобуста ұры жас қыздың iPhone 13 телефонын қолды еткен.

Бейнежазбадан жүргізушінің автобуста жылап отырған қызды жұбатып жатқанын естуге болады.
"Қарындас, жыламашы, болды. Бастысы камера бар ғой. Қай жерден міндің?" – дейді жүргізуші.

Видео авторының айтуынша, жүргізуші автобустағы барлық есікті жауып, тоқтап, камераларды тексеруге кеткенін айтты. Сонан кейін ол автобустағы бүкіл жарықты өшіріп, музыканың даусын шығарып, ұрының телефонды байқатпай еденге лақтыруына мүмкіндік берген.

"Телефон кенет жерге құлап түсті, бірақ сол автобустағы ұры кім екені, өкінішке қарай, жұмбақ күйінде қалды. Жүргізуші жарады", – делінген видео астындағы жазбада.

Желі қолданушылары жүргізушіге алғысын білдіріп жатыр:

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады