170-тен астам адамды миллиондаған теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алаяқ екі ер адам 173 адамды миллиондаған теңгеге алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.


"28 жастағы Ж.есімді азамат пен оның 22 жастағы досы төмен пайызбен ірі көлемде несие алу туралы ақпаратты таратқан. Жалпы, алдау жоспары өте қарапайым болды: азаматтарға жылдық 6 пайызбен ірі көлемде несие алуға көмек ұсынылды. Бірақ “таза тарих” үшін алдымен кез келген тауарлық несиені алып, “сатып алынған” тауарды сату арқылы тез өтеу қажет болды. Бұл тауарды екі алаяқ өздеріне алып, басқаларға сатқан және табысты өзара бөлісіп алған. Ерлер бір жылға жуық уақыт бойы қала тұрғындарын алдап келген. Ал таяуда ғана алданып қалған азаматтар полицияға көмек сұрап келген. Күдіктілер ұсталды. Қазір 173 алаяқтық дерегі анықталды. Қылмыстық дуэт әрбір жәбірленушіден 1,5 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін пайда көрсе, шығын көлемін есептеуге де болады. Барлық эпизод бір өндіріске біріктірілді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді, "– деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді